Құрама Штаттардың президенті Дональд Трамп кезекті мәлімдемесінде, Сауд Арабиясының билігі журналист Хашоггиді өлтіруге бұйрық берген күнде де, АҚШ-тың Суад Арабиясынан қол үзуі үлкен қателік екенін айтты. Трамп аталған мәлімдемесін сейсенбі күні Ақ үйде өткен баспасөз жиналысында мәлімдеді.
Трамптың айтуынша ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық мүдделер қандайда бір адамдық құқық мәселесінен көбірек алаңдатады. Сауд Арабиясы патшалығымен мен Иран Ислам Республикасы арасындағы қарама-қайшылықтар және әскери қару-жарақ сату туралы айта келіп, президент Трамп: «Біз Сауд Арабиясымен бірге боламыз», – деді. Сондай-ақ, бұл мүдделер «жүздеген жұмыс орындары мен миллиардтаған доллар инвестиция» мәселесі екенін де алға тартты.
Сөз арасында АҚШ президенті «Ресей мен Қытай сыйлыққа ие бола алмайды» деп те қосқан. Бұны түсінікті жеткізер болсақ, АҚШ Сауд Арабияны байлық толы «май шелпек» ретінде, оны өзінің ең басты стратегиялық қарсыластарына бере алмайтынын анық аңғартты. Әрине, Трамптың осы жерде себеп ретінде көрсеткен мұнай бағасының қымбаттауы да қисынсыз емес. Егер АҚШ пен Сауд патшалығы арасындағы қарым-қатынас нашарласа бұл мұнай бағасына үлкен әсер ететіні шын.
АҚШ-тың Орталық барлау агенттігі Сауд патшалығының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның Стамбулдағы елшілікте журналист Хашоггиді өлтіру ісін білгенін немесе бұйрық бергенін тұрақтандырды. Дегенмен Трамп Орталық барлау агенттігінің қорытындысы түсініксіз деп қарайды: «Ол мүмкін солай істеді, мүмкін істемеді, ОБА-ның қорытындысы ұғынықсыз», – дейді Трамп.
Алайда, адам құқығын басты құндылық ретінде ұстанатын Құрама Штаттың жоғары билігі Демократтар мен Республикашылдардың өкілдері Трампқа қайталай хат жолдап, ханзада Мұхаммедтің Хашоггиді өлтіруге бұйрық берген-бермегенін анықтауды талап етті.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді