АҚШ президенті Дональд Трамп 2016 жылғы сайлау ісін тергеумен айналысатын арнайы прокурор Роберт Мюллердің сұрақтарына жауап берді.

Роберт Мюллер 2017 жылдан бастап Дональд Трамптың сайлау штабы мен ресейлік билік арасындағы келісімді зерттеумен айналысып келеді. Оның ойынша, президент сайлауы әділетсіз өткен. Ал Трамп үшін Мюллердің сауалдарына жауап беру мүлде қиындық туғызған жоқ және ол прокурордың әрекетін «шайтан аулау» деп атады.

Бейсенбі күні Трамп өзінің Twitter парақшасында «Мюллер – жанжал туғызуды жаны сүйетін адам, ал тергеу – негізсіз және түкке тұрғысыз. Осы тергеуге атсалысып жатқандар біздің ұлтты ұятқа қалдырушылар!» –деп жазды. Оның ойынша, осы іске қатысты сұрақ қойған адамдардың арам пиғылы болуы мүмкін. Бұған дейін Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында Трамп: «Тергеуге салынған миллиондаған, миллиардтаған долларлар көкке ұшты. Мен тергеушілердің шалыс басқанына сенімдімін, себебі олар шайтан аулағыштар» – деген болатын.

Бұған дейін «Washington Post» басылымына Ақ үй басшысының прокуроры Руди Джулиани президент сайлауға қатысты сұрақтар «пайдасыз, өзекті емес және арнайы тұзақ» болғандықтан, жауап бермейтінін айтқан.

"The Qazaq Times"