Жуырда өткізілген сауалнаманың нәтижелеріне сәйкес, Сербия мен Ресей халқының басым бөлігі Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы НАТО-ны Еуропаның шығысына қауіп-қатер төндіріп тұр деп санайды. Бұл туралы ParsToday хабарлады.
13 ақпандағы “Неміс әскері Ресейдің "есік алдына" дейін келді” деген атты жазбамызда осы туралы тоқталған едік.
ИРНА-ның хабарлауынша, сейсенбі күні Gallup америкалық қоғамдық пікір институты жариялаған сауалнаманың нәтижелері кейбір еуропалық елдердің, соның ішінде, Сербия мен Ресей халқының басым бөлігінің НАТО-ны қатер деп санайтынын көрсетті.
Осы сауалнаманың нәтижесінен белгілі болғандай, Сербия халқының тек алты пайызы ғана НАТО-ның өз елін қорғайтындығына сенімді. Алайда бұл ел халқының 64 пайызы НАТО-ның Еуропаның шығысы мен өз еліне қауіп-қатер төндіріп тұрғаны туралы пікір білдірген.
Ресейде де халықтың 67 пайызы НАТО ұйымын қауіп деп атап, тек 3 пайызы ғана оны өз елдерін қорғайтын ұйым деп мәлімдесе, халықтың 20 пайызы бұл мәселеге немқұрайдылық танытқан.
“The Qazaq Times”

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі