Газа секторында болған қақтығыста 6 палестиналық пен бір еврей әскері қаза тапты. Осыған байланысты Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаняху Париждегі сапарын тоқтатып, еліне қайтты.
Қарулы қақтығыстың себебі әлі де анық емес. Дегенмен, ХАМАС ұйымы таратқан мәліметте, бұл Израильдің осы ұйымның жоғары лауазымына бағыттаған кезекті жасырын әскери әрекеті екендігі және бұл у-шуды басу үшін әуе операцияларын іске қосқаны айтылған.
Израильдің ресми мәлімдемесінде де, Газада «арнайы операцияны жүзеге асырғанын» растайды, алайда операция туралы толық мәлімет бермеген. Сонымен бірге, Газадан Израиль жеріне бірнеше зымыранның атылғанын айтады.
Израиль премьері соңғы қақтығысқа байланысты Катардың Газаға 15 млн АҚШ доллары көмек көрсету шешімін қолдағанын, сондай-ақ, Газа секторында бейбітшілік орнатуға тырысып жатқанын мәлімдеді.
Диалогтардың нәтижесінде ХАМАС Израиль шекарасына жақын маңдағы ереуілдерді азайтуға келісім берді. Израиль үкіметі болса, ХАМАС ұйымындағы кейбір радикалдардың Израиль жеріне кіргеніне наразылық білдірді.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді