2019 жылдан бастап магистратураға тапсыру шарттары өзгереді. Бұл жөнінде премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың «Халық коммунистері» фракциясының депутаттарына берген жауабында айтылған.
Бақытжан Сағынтаевтың парламентарилерге барге жауабында 2019 жылдан бастап магистратураға тапсыру шарттары бакалаврға тапсырушы мектеп түлектерінің механизімі бойынша жүзеге асырылады. Яғни бакалаврды бітірген кез келген азамат бірінші кезекте Ұлттық тестілеу орталығы құрастырған бағдарламаға сәйкес тест тапсырады. Осыдан кейін өзі қалаған жоғары оқу орнына құжаттарын тапсыра алады.
Парламент депутаттарының пікірінше, қазіргі магистратураға тапсыру жүйесі университет ректорларын пара алуға итермелейді. Себебі қабылдау комиссиясының мүшелерін ректорлар тағайындайды.