Германия канцлері Ангела Меркель ХДО партиясының көшбасшысы қызметінен кететін болды. Бұл туралы BBC хабарлады.
Әлемдік агенттіктер хабарлағандай, Меркель серіктестеріне желтоқсанда өтетін партия көшбасшысы сайлауында өз кандидатурасын ұсынбайтынын айтты. Сонымен қатар, DPA неміс агенттігі де Меркель партия басшысы болмаса да, канцлер лауазымында қалуға ниетті деп жазды.
2000 жылдан бері аталған партияны басқаратын Меркельдің бұл шешіміне ХДОП-тың аймақтық сайлауда жеңіліп, басқарушы коалицияның тұрақтылығына қауіп төнуі және Гессен мен Бавариядағы сайлау қорытындысы түрткі болған. Германияның қаржы астанасы Франкфурт Майнеге қарасты Гессендегі сайлауда Ангела Меркель бірінші орынға ие болды. Бірақ экзит-полл мәліметтері бойынша, бұрынғыдан төмен – 27,2% ғана дауыс жинаған. Ал Бавариядағы сайлау кезінде партия толықтай халық сенімнен айырылды. Сол себепті Меркель өзіне артылған жауапкершіліктен бас тартып отыр.
Қазіргі уақытта аталған партияға нақты кімнің басшылық ететіні белгісіз. Әзірше, Германия қорғаныс министрі Урсулы фон дер Ляйер мен денсаулық сақтау министрі Йенса Шпана үміткерлер қатарында.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді