НАТО-ның Ауғанстандағы қарулы күштері жасаған мәлімдемеде, Герат провинциясындағы НАТО күштеріне бір жауынгер өліп, екеуі жараланғаны айтылды. Сондай-ақ, ұйымға қарасты «Күштік қолдау» жетекшілерінің баяндауынша, бұл шабуылды Ауғанстанның үкімет қарулы күштерінің құрамындағы бір жауынгердің жасағаны айтылған.

Талибан тарабы жариялаған мәліметте, Ауғанстанның үкіметіне қарасты қарулы күштердің құрамында Талибан мүшелерінің бар екенін, кезекті шабуылды солардың бірі жасағаны айтылған.

Осымен қатар, Құрама Штат қорғаныс өкілдері өткен аптада Кадаһарда болған шабуылда екі америкалық жауынгердің жарақат алғанын растаған, әрі олардың бірі бригадир екенін айтқан. Естеріңізде болса сол шабуылда Ауғанстандағы Талибанға қарсы күрестің қаһарманы аталған Абдулла Разих көз жұмған болатын.

Сол реткі шабуылда америкалық әскери шенділер жергілікті қарулы күштерінің жетекшілеріне кездескеннен кейін, Ауғанстан жасақтарының киімін киген қарулы адамның шабуыл жасалғаны айтылған.

Бұл реткі Талибан бақылауына алған аймақта болған шабуылға, аталған террорлық ұйым жауапты екендігін айтып мәлімдеме жасады. НАТО күштері бұл аймақтың Ауғанстанда аса жоғары стратегиялық маңызға ие екенін, оның Ауғанстан күштеріне шабуыл жасаудағы ұрымтал орын болып саналатынын айтады.

“The Qazaq Times”