Сауд Арабиясының жоғары лауазымдысы апта соңында тағы да мәлімдеме жасап, Стамбулдағы консулдықта Хашоггидің өлтірілуі үлкен әрі елеулі қателік болғанын, Сауд үкіметі кінәлілерді қатаң жазалайтынын айтты. Бұл туралы сауд арабиялық ресми ақпарат құралдары хабарлады.
Сауд Арабиясының СІМ басшысы Әділ әл-Жубейр жексенбі күні Fox News арнасына берген сұхбатында, сауд арабиялық агенттердің бұл істі «билік шегінен тыс» жасағанын айтты. Әрі, бұл әрекетті айыптай отырып, Хашоггидің отбасы мен туыс-туғандарына көңіл айтты. Дегенмен, Хашоггиндің қалай өлтірілді? Оның денесінің қайда? Сондай-ақ, Сауд Арабиясының нағыз билеушісі патша ма, әлде мұрагер ханзада Мұхаммед бин Салман ба? – міне бұл қатарлы сұрақтарға әл-Жубейр жауап бермеді.

Журналист Жамал Хашогги. Фото: Fox News
Бірақ ол өз үкіметінің өткізген қателіктерін ашық мойындады. Ол сөзінде: «Бұл өрескел қателік. Ал қателікті жасырып, істі тіпті де қиындата түсті. Бұл кез-келген үкімет үшін де қолайсыз жағдай», – деді.
Жұма күні Сауд патшалығының билігі ресми мәлімдеме таратып, журналист Хашоггидің өз консулдығында өлгенін мойындады. Әрі, 59 жастағы Жамал Хашогги атыс кезінде оққа ұшқанын айтты. Бұл мәлімдемеден кейін, АҚШ президенті бастатқан бір қатар ел басшыларының айыптауына себеп болды. Сонымен қатар, әлем елдерінің наразылығы мен күмәнін тудырды. АҚШ президенті Дональд Трамп та бұл істе алдамшы әрекеттердің бар болуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Хашоггидің Стамбулдағы Сауд консулдығына кірген сәті. Фото: Анадолы7
Сауд Арабиясының СІМ басшысы болса, не іс болғаны туралы анық мәліметке ие екендіктерін, іске қатысы бар кінәлілерді қатаң жазалауға Сауд билігінің уәде бергенін алға тартты. Жұма күнгі хабарда, осы мәселеге байланысты патша Салман әс-Сауд екі бірдей жоғары лауазымды тұлғаны жұмыстан шығарғанын, іске қатысы бар делінген 18 агенттің қамауға алынғаны айтылған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді