АҚШ Қаржы министрлігі Қытай үкіметін юань бағамын сауда соғысына қарсы қару ретінде қолданып отыр деп айыптаған болатын. Бұған қарсы Қытай СІМ-інің баспасөз хатшысы мәлімдеме жасап, Уашингтонның айыптауын жоққа шығарды.

Қытай СІМ-і АҚШ Қаржы министрлігінің пікіріне қарсы айыптау сөздерімен жауап берді. Мәлімдемеде: «АҚШ-қа нарықтың заңын құрметтеп, әрі ережелерді сақтауды,  валюта бағамын саясаиландырмаға кеңес береміз», – деді.

Бір күн бұрын АҚШ Қаржы министрі Қытай валюта саясатының жарты жылдық мәліметтерін таратып, Қытайды юань құнын мақсатты түрде төмендетіп, валюта бағамын сауда соғысына қарсы қару етіп отырғанын айтқан болатын.

Құрама Штат тарабының көрсеткен мәліметіне қарағанда, өткен жарты жылда доллар мен еуроға шаққандағы құны біртіндеп көтеріліп келе жатқан Қытай юанын соңғы кезде 5 пайызға төмендеткенін алға тартты.

“The Qazaq Times”