АҚШ президенті Дональд Трамп журналистерді қабылдаған кезде сауд арабиялық журналистің жоғалуына байланысты пікірін білдірді.  Washington Post басылымының тілшісі Сауд Арабиясына қарата Ақ үй басшысының қатаң әрекеттерге бармай отырғанын айтты. Трамп оның сөзіне жауап беріп,  Құрама Штаттың бұл істе Сауд Арабиясын қорғаштан отырмағанын, істі анықтауға тырысып жатқанын білдірді.

Сауд Арабиясы АҚШ-тың маңызды одақтасы болып саналады. Сондықтан, Хашоггидің жоғалуы Ақ үй билігін ырықсыз күйде қалдырып қойды.

Трамптың айтуынша, АҚШ тарабы Хашоггидің Стамбулдағы Сауд Арабиясының елшілігінде жоғалғаны туралы видео немесе аудио жазбаларды бөлісу туралы Түркияға өтініш білдірген. «Мен бар болғаны не болғанын білгім келіп отыр. Егер дәлел болса бізге көрсетуін сұрадық. Бірақ оның бар екеніне көзім жебей отыр», – деді АҚШ президенті.

Трамп өзінің Түркия сапарынан оралған мемлекеттік хатшысы Помпеодан мәлімет күтіп отырғанын да айтып өтті. Әрі, істің мән-жайын апта соңына дейін анықталатынына сенім білдірген.

Дегенмен, осыған дейін Трамп Хашогги ісі туралы журналистерге берген пікірлерінде, оқиғаның артында «басқа жақтан келген кісі өлтірушілер» тұрған болуы да мүмкін екенін айтқан еді.

Түркиялық тергеушілер Сауд Арабиясының консулының тұрағына барған. Фото: EPA,

Тексеру ісі алғаш басталған кезде Түркия тарабы Хашоггидің өлтірілгенін анықтайтын аудио және видео жазбалардың бар екенін айтқан болатын. Ал, түрік ақпарат құралдары болса, сауд арабиялық журналистің өмірінің ақырғы минуттарында қатысты  қорқынышты мәліметтерді жазуда. Айталық, Түркиядағы Yeni Safak басылымы: «Аудио жазбадан Сауд Арабиясының елшісі әл-Утейбиннің үні танылды», – деп жазды. Аталған басылымның айтуынша аудиода: «Сыртқа барып істеңдер, маған әңгіме тауып беріп жатсыңдар», – деген сөздер болған.

Сауд Арабиясының Стамбулдағы консулдығы. Фото: EPA.

Мұхаммед әл-Утейби сейсенбі күні еліне қайтып кетті. Сол күні кеште түрік тергеушілері, прокуратура өкілдері және соттың медициналық эксперттерімен бірге Сауд Арабиясының елшілігіне жақын орналасқан әл-Утебидің тұрғына барған.

Түркия полициясының мәлімдеуінше, Хашогги жоғалған күні екі сағаттан кейін елшілік пен резиденция арасында Сауд Арабиясының дипломатиялық нөмеріндегі көліктер камераға түсіп қалған. Түркияның полиция тараулары Жамал Хашоггиді 15 адамнан тұратын сауд арабиялық агенттер тобы өлтірген деген мәлімдемесінде берік тұр. Ал, Эр-Рияд тарабы журналистті аман есен елшіліктен шығарып тастағанын айтады.

Мәліметтерге қарағанда, Жамал Хашогги консулдыққа документтерін алу барған. Ол бұрын Сауд Арабиясында қызметтер атқарған. Кейін өз еркімен АҚШ-қа қоныс аударған.

Майк Помпео Сауд патшалығының тақ мұрагерімен кездесті. Фото: AFP/BBC,

Ал, Майк Помпео Эр-Рияд сапарынан кейінгі мәлімдемесінде, Сауд патшалығының лидерлері Түркиядағы елшілікте 2 қазанда болған оқиға туралы анық білмейтіні, жіті тексеруге уәде бергенін мәлімдеген. Еуроодақ елдері де тексерудің ашық-жария түрде өтуін талап етуде.

“The Qazaq Times”