Ақ үй алдағы уақытта Ұлыбритания, ЕО және Жапониямен сауда келісімдерін қайта орнату үшін келіссөз жүргізуге дайындалуда. Бұл Трамп-тың АҚШ президенті болып сайланғаннан бергі сауда саясатының маңызды бөлегі. Ақ үй алдағы уақытта ЕО мен Ұлыбританияны бөліп қарап, жекелеген сауда келісімін орнатуға тырысады.
Трамп үкіметінің бұл сауда саясатын «Әуелі Америка» саясаты аясында жүзеге асырғысы келеді. Айталық, АҚШ-тың сауда өкілі Роберт Лайтхэйзер сөзінде: «Біз барынша Құрама Штаттың әр бір жұмысшылары мен фермерлері және компаниялары үшін оларға ең тиімді пайда ала келеміз»,- деген.
Лайтхэйзер келіссөздер туралы заңдық шарттарды дайындауды сұрап, үш бірдей хатты Конгресске тапсырды. Бұл хатта 29 наурызға дейін Ұлыбритания ЕО құрамынан бір жолата шығып, толық дайындалып болғаннан кейін АҚШ-Ұлыбритания сауда келіссөздері басталатыны айтылған.
Ал Еуропалық Одақпен сауда қатынасы туралы сөзінде Лайтхэйзер АҚШ-ЕО сауда серіктестігі әлемдегі ең күрделі әрі ең үлкен сауда қатынасы екенін айта келіп, алайда қазіргі кезде ЕО-АҚШ арасындағы сауда тапшылығы 151 мллрд АҚШ долларын құрағанын алға тартқан.