АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Сауд Арабиясының королі Салманмен Эр-Риядта кездеспек. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Кездеуде Помпео Дональд Трамптың тапсырмасы бойынша консулдықта із-түссіз жоғалған тілші Жамал Хашоггидің мәселесін талқылайды. Сауд Арабия тарапы оқиға болған күннен кейінгі екі аптадан соң журналист Жамал Хашоггидің жоғалуына байланысты тергеу жүргізуге бұйрық берген болатын. Ал Түркия құқық қорғау органдары Сауд Арабиясының Стамбулдағы консулдық ғимаратына тінту жүргізген.
15 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп журналиске қатысты жағдайды талқылау үшін Эр-Риядқа мемлекеттік хатшы Майк Помпеоны жіберді. Бұған дейін Трамп Сауд Арабиясы билігінің журналистің өліміне қатысы бары расталса, қару-жарақ тасымалдау бойынша келісімнің күшін жоятынын мәлімдеді.
Айта кетер болсақ, Жамал Хашогги – Сауд Арабиясы билігін сынаған оппозициялық журналист. 2017 жылдан бері Америкада тұрақтап, біраз уақыт Washington Post басылымында шолушы қызметін атқарған. Ол 2 қазанда Стамбулдағы Сауд Арабиясы консулдығына кіріп, із-түзсіз жоғалды. Түрік билігі журналисті елшілікте азаптап өлтіруі мүмкін дейді. Қазіргі уақытта әлі күнге дейін шешімін таппаған оқиға батыс елдерін алаңдатып отыр.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді