Германия Аустриямен шекарадағы бақылауды жарты жылға ұзартады.
Бұл шешімді Германия тарапы Аустрия, Швеция, Норвегия мен Данияның келісімін алған соң Еуроодақ елдерінің басшыларына айтқан. Шекара қауіпсіздігі және миграция мәселесі Еуропа елдерінің басты назарында. Германиядан соң аталған мемлекеттер де шекара бақылауын қалпына келтірген болатын. Соған қарамастан 2017 жылы Аустрия мен Германия шекарасында 14600-дей адам ұсталып, жартысына жуығы отанына қайтарылған.
Германия СІМ Хорст Зеехофер: «Қазіргі уақытта ЕО-ның ішкі шекарасын бақылаусыз қалдыруға болмайды. 2015 жылы Шенген шекаралық кодексіне сәйкес осы мәселе көтеріліп, шекараны бақылауға алу көзделді. Бірақ сол уақыттан бері Еуропаның сыртқы шекарасы айтарлықтай қадағаланбай, Германияға салқынын тигізді. Себебі, әлемдік миграция күннен күнге күшеюде», – дейді.
Айта кетейік, тамыз айында Иран мен Сүриядан келген екі келімсек 35 жастағы неміс азаматын пышақап өлтірген болатын. Қанды оқиға күллі Германияны дүрліктіріп, Хемниц қаласының тұрғындары жаппай ереуілге шыққан. Сондай-ақ осы жылдың алашқы төрт айында Германия мен Аустрия шекарасында заңсыз әрекет еткен 3800 адам ұсталған. Аталған оқиғалардан кейін Германия билігі шекараны қатаң бақылауға алып, миграция мәселесін реттеуге күш салмақ.