АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдің сейсенбі күнгі отырысында Қытай үкіметіне қайталай ескерту жасап: «Егер Қытай тарабы біздің қытайлық тауарларға белгілеген тарифтерге қарсы шаралар қолданатын болса, онда АҚШ өз шарасын еселей түседі. Қытайдан импорт етілетін тауарларға 267 млрд долларға дейін салық енгізетін боламыз», – деді.
Ол БАҚ өкілдеріне жауап бергенде: «АҚШ-Қытай қатынасы жаман емес, бірақ, олар осыған дейін Құрама Штаттан жылына 500 миллиард доллар алып кетіп отырды, біз енді бұндай істердің қайталануына жол бермеуіміз керек. Екі ел арасындағы саудадан Қытай әр жылы 200, 300, 400 миллиардтап, тіпті 500 миллиардқа дейін пайда тауып отырды. Олар біздің арқамызда осы күнге жетті, бұлай болмағанда Қытайдың қазіргі күні жоқ еді, енді жағыдай басқаша болады», – деді.
Трамп Құрама Штаттың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейлидің (Nikki Haley) отставкаға кететінін жариялаумен бірге Қытай үкіметінің келіссөздерге дайын емес екенін де айтып өтті. Ол Қытай үкіметіне деген наразылығын: «Біз олардың сылбырлығы үшін бірнеше рет жоспарларымызды өзгерттік, екі ел арасындағы қатынасты тек біздің бір жақтылы талпынысымызбен сақтап отыруға болмайды, барыс-келіс деген қос тараптың белсенді жұмыс жасауымен болады, бізде өз пайдамызды табуымыз керек», – деген сөздермен білдірді.
Екі елдің теке-тіресі әлі жалғасуда, Помпеонің Азиядағы төрт елге сапарынан кейін АҚШ президентінің кезекті мәлімдемесін жасауы Бейжіңдегі кездесулердің екі ел арасындағы қайшылықты шеше алмағанын көрсетті.