Қырғызстан Қазақстаннан импортталатын тауық етіне уақытша шектеу қойды. Бұл жөнінде Қырғызстанның ветеринарлық және санитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекциясы мәлімдеді.
Мекеменің баспасөз хатшысы Рахат Садырбекованың айтуынша, бұған себеп көрші өлкемен шектесетін аймақта құс тұмауы індетінің жоғары болуы себеп болған. Осыған орай қазақ тарапына жағдайды анықтау үшін, ресми сұрау жіберген.
«Жағдайды толық анықтау үшін, уақытша шектеу қойылды. Шешім қазақ тарабының ресми жауабына байланысты болмақ. Егер көрші елдегі жағдай соншалықты қауіпті болмаса, шектеуді алып тастаймыз», - деді Садырбекова.
Сонымен бірге санитарлық инспекция әлеуметтік желіде таралған құс етінен Ньюкасл індеті табылды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді дейді.