Бүгін қаймана қазақтың қамы үшін қаламымен қатар қайсар мінезімен ақтық демі қалғанша қызмет еткен халық жазушысы Шерағаң – Шерхан Мұртаза бақилық болды.
Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылында дүниеге келген. «Құрмет белгісі», «Отан» ордендерімен марапатталған. ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының, «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты. ҚазКСР мәдениетінің Еңбек сіңірген қызметкері. Қазақстанның Халық жазушысы және Қырғыз Республикасының Халық ақыны.
Ол «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және «Жалын» альманахының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, «Жұлдыз» журналы, «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінің бас редакторы қызметтерін атқарған.
Күллі қазақ жұртына қайғыра көңіл айтамыз. Жаныңыз жәннатта, топырағыңыз торқа болсын! Абыз-ата – Шер-аға...


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?