АҚШ президенті Доналд Трамптың Қытайға қаратқан позициясы құбылып тұр. Қытайдың геосаясатта өзіне ең негізгі қарсылас ретінде қарайтын Жапонияны жақын тартуы және Тайуан мәселесі туралы пікірлері Қытай мен АҚШ жаңа қарым-қатынасына жаңа бағыт бергелі отыр.
Өткен жылдың желтоқсан айында Дональд Трамптың президент тағына отырмай жатып, «Үлкен Қытай»  туралы білдірген пікірі, Қытай ақпарат кеңістігінде зор дүмпу туғызған болаты.“The Wall Street Journal” басылымына берген сұхбатында, Дональд Трамп «Үлкен Қытай» саясаты туралы – «Бұл ұзақ мерзімді саясаттың болашағы тиянақты емес. Әрине, АҚШ геосаясатта Тайуанның (Тайвань) дербес ел екенін мойындамауға келіседі. Алайда, валюта бағамы мен сауда қарым-қатынасы, тағы басқа да мәселелер бұл бір саясатқа бағына бермейді. Біз бұл туралы қайталай талқылаулар алып барамыз. Бұл талқы «Үлкен Қытай» саясатын да қамтиды», - деген болатын. Бейжің жақ бұл пікіріне қарсы пікір білдірген және Трамптың бұл сөз Қытай мен АҚШ-тың 40 жылдан астам бейбіт қарым-қатынасын бүлдіру деп бағалаған.
Ал,  10 ақпан күні  «The New York Times» -тың қытай тіліндегі ресми сайтында, Трамп ҚХР басшысына құттықтау хат жолдап,   «Ақш пен қытай арасында жасампаздық сипатты қарым-қатынасты дамытудан үміт күтетінін» білдіргені жазылған болатын. Бұл көптен бері  «АҚШ-тың ең ірі сауда серіктесіне»  қарата тартыстарға толы баяндамадан кейінгі Ақ үйдің айтқан ең жаңа әрі ең жылы лебізі.
Ақ үйден Бейжіңге жолданған  қысқа да нұсқа хатта АҚШ президенті қытай басшысына алғыс айтқан және қытайдың дәстүрлі "Көктем" мерекесімен құттықтапты.  Тосын жолданған бұл құттықтау хаты екі тараптың алдын ала жоспарында бар, жоғы белгісіз. Алайда, осы бір хаттың сыры әр елдегі сарапшылардың қызығуын тудырған еді.
Ең қызығы, құттықтау хатын тапсырып алған қытай үкіметі тәулік бойы жауап қатпаған. тек, өткен бейсенбі күні кеште ғана екі басшы телефонда тілдескен. «Ұзақ кеңес»  барысында,  Трамп  «Үлкен қытай»  саясатын қолдайтынын білдірген. Ақ үйдың айтысына сенсек,  екі ел басшысы "арқа-жарқа" кеңесіп,  бір-бірін елдеріне шақырған.
Трамптың Қытайға жылы қабақ таныта қалуында қандай сыр бар деген сауал қытайлық БАҚ-тың қызу талқысында. АҚШ-та президент сайлауының екінші аптасынан бастап-ақ,  қытай туралы сан-алуан пікір айтып,  Қытайға салқын қабақ танытып келген Трамптың позициясы жылып сала берді дейді сарапшылар.
11 ақпан күні, Қытайдың ірі ақпарат агенті Sina.Net-тың ресми сайтында, Трамптың «Үлкен қытай»  саясатын қолдайтыны туралы лебізіне қарата Тайуан президент сарайының мәлімдемешісі Хуаң Жоңянның сөзі жарияланды. Ол:" АҚШ пен Тайуан екі жақ тығыз байланыс пен селбестікті сақтайды. Әрі  ісік те төстік те күймейтін  тамаша тәсілден жазбайды", - деген пікір айтты. Осы пікір Бейжің мен Тайуан арасындағы күшті қайшылықты тудырып отыр.
Ауд: Әділет АХМЕТҰЛЫ
“The Qazaq Times”