Жақында Ресей үкіметі Сүрия соғысындағы әскери шығындары туралы мәліметтерді таратты. Мұндай мәлімдемені Федерациялық Кеңесінің Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Виктор Бондарев жасады. Оның айтуынша Ресей Сүрия соғысында 3 жыл ішінде 112 жауынгерінен айырылған.

Бондарев Ресейдің Сүрия соғысындағы шығынын Кеңес Одағы тұсындағы Ауғанстан соғысымен салыстыра жеткізген. Ол сөзінде: «Кеңес Одағы Ауғанстан соғысының алғашқы үш жылында шамамен 4 мың 800 әскерін,  кемінде 60 танкі мен 400 сауытты көлік, 15 ұшақ, 97 тікұшағын жоғалтқан болатын», – деді. Ол және Сүриядағы әскери шығындар туралы айтқанында: «Қарулы күштеріміз  Сүрия жерінде 112 әскерін жоғалтты. Осы жауынгерлердің жартысына жуғы екі реткі ұшақ апатында қаза тапқан. Бұдан тыс 8 ұшақ, 7 тікұшақ және бірнеше сауытты көлік шығындалды», – деді.

Виктор Бондарев 2003-2006 жылдары АҚШ-тың Ирактағы әскери шығындарында алға тартып өтті. Оның айтуынша, Ирак соғысында АҚШ 2500-ден астам әскерінен айырылған, сондай-ақ, 20-ға жуық танкі мен 50 сауытты автокөлік, 80 тікұшағы жойылған.

Дегенмен, Батыс елдерінің ақпарат құралдары осыдан бұрын да Сүриядағы Ресейдің шығындары өздерінің ресми мәлімдемелерінен әлде қайда көп екенін жазып еді.

“The Qazaq Times”