12 ақпан күнгі, Ұлыбританияның “Sun” басылымында Бакингем сарайының хабарландыруы жарияланды. Хабарландыруда: Ұлбританияның Королевасы Елизавет II-тің Twitter парақшасын басқару қызметшісін қабылдайды және 30 мың фунттық (13 млн теңгеге жуық) жылдық жалақы тағайындалды делінген. Бұл туралы қытайлық news.sina хабарлап отыр.
Хабарландыру алғаш Королеваның ресми сайтында қызмет лауазымын «сандық мәлімет сарапшысы» деп көрсетілген. Бұл қызметке тағайындалушы королеваның Twitter парақшасынан тыс, Facebook, YouTube желілеріндегі пікірлер мен мәліметтерге де жауапты болуы керек. Бұл желілерге королеваның мемлекеттік сапарлары, жиналыстар мен марапаттау рәсімдері туралы хабарлар таратып отыруы тиіс.
Аталған басылымның хабары бойынша, бұл күндізгі қызмет лауазымы болып табылады. Королеваның Twitter парақшасын басқару, әлемге королева рөлін насихаттау, отбасы мен қоғамдық өмірін жарнамалау сынды міндеттерді өз ішіне алады.
Тағайындалған жалақы аса жоғары болмағанымен, Король отбасының жағдайы аса жоғары, қызметкерге оқыту, дайындау жоспарын мен зейнетақы және сақтандыру үшін жалақысының 15 пайызы мөлшерінде төлем де тағайындап отыр.
“The Qazaq Times”