Түркияның Орталық сайлау комитеті Конституцияға өзгеріс енгізуге байланысты 16 сәуірде референдум өткізеді. Яғни, ол күні мемлекетті басқару нысанын, парламеттіктен президенттік басқару жүйесіне өзгерту туралы мәселе ұсынылатын болады. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап RFI хабарлады.
Заң жобасы президенттің мүмкіндіктерін қарастырып жатыр: жарлық шығару; төтенше жағдай кезінде белгілі бір режим жариялау; министрлер мен өзге де шенеуніктерді тағайындау; парламентті тарату және т.б.
Реформа қабылданған жағдайда, Режеп Тайип Эрдоған 2029 жылға дейін билік басында қалуға мүмкіндік алады.
Бұндай өзгерісті жақтаушылардың айтуынша, Ирак пен Сириядағы соғыс бар, түрлі терактілер болып жатқандықтан және елдегі төңкеріс әрекетінен кейін аталмыш реформа елдің тұрақтылығын сақтап қалу үшін қажет.
Ал реформаның қабылдануына қарсы топ бүкіл билік президенттің қолына көшсе, елде қатал авторитарлық режим орнайды деп қауіптенеді.
«The Qazaq Times»


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі