БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-сессиясында Франция президенті Эммануэль Макрон әлем үшін саясаттан бұрын экономиканың маңызды екенін айтты.
Өз сөзінде ол: «Америка президенті Дональд Трамп жүргізіп отырған саясатқа қатысты пікір білдірер болсам, мұнайды Иранның экспорттағаны барлығымыз үшін тиімді дер едім. Нарық қашан да сұранысқа мұқтаж. Сол үшін саяси мәселелерден бұрын экономиканы ретке келтірген жөн деп санаймын», – деді.
Макронның пікірінше, Американың санкциялары әлемдік мұнай бағасын әдеттегіден қымбаттатып жіберген және басты мәселе мұнайға қатысты болғандықтан, мемлекеттер экономикаға баса назар аударуы тиіс.
Биыл АҚШ Иранмен бірлескен ядролық келісімнен шығып, санкцияларды қайта жүзеге асырды. Ал келісімді бұзбаған бес мемлекет басшылары Теһранмен байланысты үзбейтінін айтып, Дональд Трамптың шешіміне қарсылық білдірді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы