Егер Уашингтон санкциялық қысымын жалғастыра беретін болса, Иран Ислам Республикасы Ормуз бұғазын жауып тастауы мүмкін. Бұл туралы Иран президенті Хасан Рухани NBC-ге берген сұхбатында мәлімдеді, - деп жазады "dw.com/tr".
«Бұл — ешқандай да ескерту емес. Бұл — шындық. Егер Парсы шығанағының теңіз жолы ашық әрі қауіпсіз қалуы тиіс болса, онда ол бәрі үшін сондай болуы керек», - деген Рухани. Бұған дейін де хабарлағанымыздай, Иранның Ахваз қаласындағы теракт үшін Иран АҚШ пен өзінің көршілерін, атап айтар болсақ Сауд-Арабиясы, БАӘ және Бахрейн елдерін кіналаған еді. Ал, Уашингтон болса өз кезегінде Теһранға терроризмді қаржыландырады деген айып таққан болатын. АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкцияларынан соң Теһран америкалық саясатқа қатаң сыни мәлімдеме жасап, жауап берген еді.
Еске салайық, Ормуз бұғазының солтүстік жағалауы (Оман мен Парсы шығанағының арасы) Иранға, оңтүстік жағалауы — БАӘ мен Оманға тиесілі. Сондай-ақ, стратегиялық және транзиттік үлкен маңызға ие аумақ Парсы шығанағы елдерінен Жапонияға, АҚШ-қа және Батыс Еуропаға мұнай мен газ экспортталатын бірден-бір теңіз жолы.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел