АҚШ президенті Дональд Трамп пен Оңтүстік Корея басшысы Мун Чжэ Ин еркін сауда туралы екіжақты жаңартылған келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды lemonde.fr.
Енді Оңтүстік Корея АҚШ-та шығарылған автомобиль санын екі есеге арттырмақ. Аталған келісімшартқа қол қойғаннан кейін Трамп екі тарап «сауда қатынастарындғы ынтымақтастық пен достықтың сирек мысалын көрсетті» деп атады. «Мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің көзінше АҚШ пен Оңүстік Корея арасындағы еркін сауда туралы жаңа келісімшартқа қатысты келісөздердің сәтті аяқталғанын ресми түрде мәлімдеуге қуаныштымын. Енді осы келісімшарттың арқасында екі елдің компанияларды бұрынғыдан да тұрақтырақ жағдайда өзара әрекет ете алатын болады», - деді Трамп.
Екі президенттің кездесуі барысында Мун Чжэ Ин Трампқа КХРД президенті Ким Жоң Ынның хатын тапсырды. Қазіргі таңда Корея Республикасы мен АҚШ лидерлері БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 73-сессиясына қатысуда.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті