Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған: «Сүрияға төніп тұрған басты қауіп ол күрдтер» - деп мәлімдеді.
Қыркүйек айының 23-і күні БАҚ өкілдеріне арнап арнайы баспасөз мәслихатын өткізген Режеп Тайып Ердоған Сүрия дағдарысына тоқталды. Онда ол: «Қазіргі уақытта Сүрия болашағына төніп тұрған қауіп ол Ефрат өзенінің шығысында орналасқан Сүрия күрдтері. Бұл террорлық балшық ресми Дамаскінің бас ауруы» - деп мәлімдеген.
Естеріңізге салайық, қыркүйек айының басында ресми Анкара Сүрияның Идлиб аумағына әскерін кіргізіп, шекаралық аудандарындағы әскер қосындарын күшейткен. Кейіннен БАҚ беттерінде Түркия билігінің Идлибке әскер кіргізуі Ресей мен Сүрия билігінің келісімі бойынша жүзеге асқандығы жөнінде ақпарат тараған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды