Иранның түкпір-түкпірінде өткен биылғы 22 баһман шеруіне қатысушылар мәлімдеме жариялап, АҚШ-ты Иранның бірінші дұшпаны деп атады. Бұл туралы ParsToday хабарлады.
Иран халқы жұма күні 22 баһман шеруінің қорытынды мәлімдемесін жариялап: «Иран халқы АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының баптарын бұзып, уәдеде тұрмауына қатысты ашу-ыза мен наразылықтарын білдіріп, Ақ үйдің жаңа санкциялар салу, исламнан үркіту және аймақтағы одақтастарымен бірге Ираннан қорқыту үшін жасап жатқан талпыныстарын айыптап, Иранның жауапты тұлғаларынан кесімді позиция ұстанып, әсерлі алдын алу тәсілдерін пайдаланып, қарымта жауап беруді күн тәртібіне қоюды сұрады.
Иран халқы аймақтағы исламдық қарсыласу ағымын қолдап, Сауд әулеті мен Халифе әулетінің АҚШ, Ұлыбритания, сионистік режим мен олардың аймақтағы одақтастарының қолдауымен Йемен мен Бахрейнде жасаған қылмыстарын айыптап, ислам әлемінде қатігездік, экстремизм, жеккөрушілікті тарату және терроризмнің таралуына өздерінің жиіркеніштері мен қарсылықтарын жариялады.
Иран халқы Палестинаны бұрынғыдай ислам әлемінің ең өзекті тақырыбы, ал қарсыласуды Палестинаның жапа шеккен халқының өз құқықтарына қол жеткізуінің жалғыз жолы деп атап, ислам әлемінің барлық әлеуеттерін Палестинаның зорлық-зомбылық көрген халқы мен палестиналық күрескер топтарға өз жерін сионистік режимнің басқыншылығынан азат ету жолында көмектесу үшін пайдалануды талап етті»,-деп қуаттады.
«The Qazaq Times»