КХДР президенті Ким Жоң Ын ядролық қарудан босату ісін жеделдету үшін жақын күндері АҚШ басшысы Дональд Трамппен тағы бір саммит өткізуге ниетті. Бұл туралы Оңтүстік Корея президенті Пхеньян сапарынан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды avim.org.tr.
«Ким ядролық қарудан босатуды тезірек аяқтап, экономиканы дамытуға басымдық бергісі келетінін айтты. Ол Трамппен жақын күндері болатын жаңа саммит Корей түбегін қарудан босату үдерісін жеделдетеді деп үміттенеді», - деген оңтүстіккореялық президент.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Кимнің АҚШ басшысымен саммит өткізу тілегінің басты мақсаттарының бірі 1950-1953 жылдардағы Корей соғысын ресми түрде аяқтау болып табылады. «Бұл — бейбіт келіссөздер туындататын саяси декларация болады. Солтүстік Корея мен АҚШ ара-қатынасының реттелуі мен бейбіт келісімшарттың жасалуы тек ядролық қарудан босату үдерісі аяқталғаннан кейін ғана жүзеге асады», - деген Мун Чжэ Ин. Еске салайық, Мун Чжэ Ин сейсенбі, 18 қыркүйекте КХДР астанасы Пхеньянға үш күндік ресми іссапармен барды. КХДР президенті Ким Жоң Ынмен болған саммиттің арқасында екі елдің қарым-қатынасында «жаңа кезең» басталып, бірқатар құжатқа қол қойылды.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні