Моңғолия президенті Халтмагийн Баттулга: «Бізге Ресей мен Қытайдың ортасындағы кішкентай арал болып қалуға болмайды» - деп мәлімдеді.

Babr-24 ақпарат көзінің хабарлауынша, Халтмагийн Баттулга жақында Ресейдің Владивосток қаласында өткен Шығыс экономикалық форумына қатысты мәлімдеме жасаған. Онда ол: «2020 жылға қарай көршілеріміздің (Ресей мен Қытайдың) тауар айналымы 200 миллиард долларға жетеді. Біз бұның аз ба, көппе маңызды емес, бірақ белгілі бір бөлігін Моңғолия арқылы өткізуіміз қажет. Бізге үлкен қарқынмен дамып жатқан аймақта Ресей мен Қытайдың ортасындағы кішкентай арал болып қалуға болмайды»- деп мәлімдеген.

"The Qazaq Times"