АҚШ президенті Дональд Трамп ОПЕК-ке (Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) сес көрсетіп, қатаң мәлімдеме жасағаннан кейін әлемдік мұнай бағасы арзандай бастады, - деп хабарлайды, lemonde.fr.
Трамптың «Твиттердегі» мәлімдемесінен кейін Brent маркалы мұнай барреліне 78,70 долларға дейін, 78 пайызға төмендеген. Ал, WTI мұнайы барреліне 70,80 долларға дейін, 32 пайызға арзандады. Кеше, 20 қыркүйек күні Ақ үй басшысы Д.Трамп Мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан (ОПЕК) «мұнай бағасын дәл қазір» төмендетуді талап еткен еді. «Біз Таяу Шығысты қорғаудамыз. Бізсіз олар қауіпсіздікте болмайды... Бірақ, олар сонда да мұнай бағасын арттыруды жалғастыруда. Біз бұны ұмытпаймыз. ОПЕК монополиясы мұнай бағасын дәл қазір түсіруге міндетті!», - деген болатын «Тваитердегі» парақшасында. Түрлі ақпарат көздерінің мәліметінше, 20 қыркүйекте Brent маркалы мұнай барреліне 79-80 долларды құрап, бұл жылдық бағамда максимальды көрсеткішке жеткен. Сонымен қатар, АҚШ салған санкцияларға байланысты Ираннан экспортталатын мұнай бағасының арзандауы негізгі «драйвер» болып табылуда.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы