«Қорғас» шекара маңы халықаралық орталығында қазақстандық шекарашы белгісіз біреулер тарапынан соққыға жығылған. Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбадағы осы оқиғаны Алматы облысының ІІД-нің баспасөз-қызметі де растап отыр.
Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба Инстарам әлеуметтік желісіндегі taldykorganec_insta парақшасында пайда болған. Қорғастағы тартысты жағдайды Алматы Облысының ІІД-нің баспасөз қызметі де растады. Алдын ала мәлімет бойынша, 25 жастағы әскери қызметкер қызметтік міндетінде болған кезінде белгісіз азамат кеден бекетінен тиісті құжатынсыз өтіп кетуге тырысқаннан кейін кикілжің басталған. Оның соңы төбелеске ұласып, ақыры белгісіз азамат әскери қызметкерді соққы жыққан. "Қазіргі таңда күдіктінің кім екеніне қатысты жан-жақты зерттеулер аяқталып, оның 27 жастағы азамат екені анықталды. Ол заңбұзушылық ісі бойынша тергеуге алынды", - деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі. «Аталған іс бойынша «Билік өкіліне күш қолдану» 380-бабы бойынша, сотқа дейінгі тергеу ісі басталды», - деп хабарлады Алматы облысының ІІД-нің баспасөз-қызметінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет. Осы оқиғаны зерттеумен Панфилов ауданының Ішкі істер бөлімінің жергілікті полициясы айналысуда.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды