Вице-пемьер Ерболат Досаев: «Әзірге дағдарыстан ешкім шыққан жоқ» - деп мәлімдеді.
Kazakhstan Growth Forum-да сөз сөйлеген Ерболат Досаев еліміздегі және әлемдегі экономикалық жағдайларға байланысты мәлімдеме жасады. Онда ол: «Біз қазір өте қиын уақытта өмір сүріп жатырмыз. Бұны бірінші кезекте бизнес өкілдері сезінуде. Сыртқы факторлар ішкі экономикамыздың дамуына әсер етуде. Көптеген сарапшылар географиялық сауда соғыстарының салдарынан алдағы бір-екі жылда дағдарыстың жаңа толқыны келеді деп болжауда. Десе де, біз 2014 жылғы дағдарыстан әлі ешкім шыққан жоқ деп есептейміз. Бұл жерде Қазақстанның өзге елдерден ешқандай ерекшелігі жоқ. Әр ел қордаланған мәселелерді шешуде өзіндік жол іздестіруде» - деп мәлімдеді.
Естеріңізге салайық, 2016 жылдың қыркүйек айында президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жасаған сапарында: «Біз келесі жылдан бастап дағдарыстан шығамыз деп үміттенемін. 2017, 2018, 2019, 2020 жылы бізде барлығы өте жақсы болады. Біз осы бастаманың алдында тәжірибелі азаматтардан құралған жаңа үкімет жасақтадық» - деген болатын.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап