Ресей Қырғызстанға «Ескендір-М» зымыран жүйесін орналастырды.
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліментінше, Қырғызстанға «Ескендір-М» зымыран жүйесі ТМД елдері арасында өтетін «Ыстық көл – Антитеррор 2018» әскери оқу-жаттығу жұмыстарына қатысу үшін орналастырылған. Бұдан бөлек Ресей қырғыз еліне 50-ге жуық әскери техника мен Тува қаласында орналасқан 41-ші мотоатқыштар бригадасын аттандырған.
Естеріңізге салайық, 2017 жылдың қыркүйек айында Ресей Қарулы күштері «Батыс-2017» әскери оқу-жаттығу жұмыстары аясында Капустин Яр сынақ алаңынан Қазақстанға қарата дәл осы «Ескендір-М» жүйесі арқылы зымыран атқан. Зымыран Атырау облысында орналасқан Мақат сынақ алаңына келіп құлаған.