Ресей Қорғаныс министрлігі Сүрия жағалауларында Ил-20 ресейлік әскери ұшағының апатына қатысты Израильді «дұшпандық іс-қимылдар жасады» деп айыптады.
Министрліктің баспасөз қызметі «Израильдің арандатушылық әрекеттерін дұшпандық деп бағалаймыз. Израильдік әскерлердің жауапсыздығының кесірінен 15 ресейлік әскери қызметшілер қаза тапты. Бұл Ресей мен Израиль әріптестігіне нұқсан келтіреді. Сол үшін біз тиісті жауапты талап етеміз», – деді. Рас, кейіннен Ресей президенті болған қайғылы оқиғалардың тізбегін атаған мәлімдеме жасады, бірақ Қорғаныс министрлігінің ұстанымы онымен толық келісілгенін атап өтті.
Қос тараптан қос жауап: Ресей нұсқасы
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, сол уақытта жағалауда F-16-ның төрт израильдік жойқыншылары болған. Ресей әскери күштері израильдік ұшақтар сүриялық радарлардан жасырыну үшін ресейлік ұшақтарға әдейі ұймдастырғанына сенімді. Және олар Латакиядағы жағдайлар бойынша соққы жасаған деп болжап отыр.
РИА Новости агенттігі хабарлағандай, Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу өзінің Израиль әріптесі Авгидор Либерманмен телефон арқылы сөйлескен және оған «Израильмен болған қауіпті оқиғалардың алдын алу туралы уағдаластыққа қарамастан, ресейлік әскерлер тобының басшысы израильдік F-16 соққысына дейін бір минут бұрын хабарланғанын», – айтты.
Израиль нұсқасы
Израильдің қорғаныс әскері қаза тапқандарға көңіл айтты. Өтініш хат ЦАХАЛ-дың твиттердегі ресми парақшасында жарияланды. Израильдік мәліметтер бойынша, сүриялық топ зымырандарын шығара бастағанда, израильдік ұшақтар өз аумағынан «бір қадам аттап баспаған». Сонымен қатар, Сүрия аумағында ұшақ нысанаға «байқауысызда» түскен және ол уақытта ресейлік ИЛ-20 бұл ауданда болған жоқ дейді. BBC-дің орыс бөліміне берген сұхбатында әуе шабуылына қарсы қорғаныс саласындағы сарапшы, С-200 зениттік зымыран полкі командирінің орынбасары Михаил Ходаренок «оқиға әдейі ұйымдастырылған жоқ және ресейлік ұшақ нысанаға алынбаған» – деді. Ал Израильдік әскери сарапшы Давид Гендельман BBC-ге берген сұхбатында «әскери ынтымақтастық деңгейінде бұл оқиға қарым-қатынастың үзілуіне емес, керісінше байланысты нығайтуға әкелетінін» айтты.
Оқиға қалай болды?
17 қыркүйек күні Мәскеу уақыты бойынша шамамен 23:00-де ресейлік Ил-20 барлау ұшағы бортта 15 әскери қызметкерлермен Жерорта теңізіне жеткен кезде жоғалып кеткен болатын. Ұшақ Жерорта теңізі акваториясының үстінде, жағалаудан шамамен 35 шақырым жердегі Хмеймим авиабазасына қонуға бет алған.
Апатқа ұшыраған Ресей ұшағы С-200 ПВО жүйесі бойынша 1960-шы жылдары әзірленген. Бұл жекелеген объектілерді қорғауға арналған жүйе. Ал Сүрияның ӘШҚ қару-жарағын арнайы шабуылдаға қарсы жабдықталған. Бұл дегеніміз, радарды бағыттап, негізгі объектіні нысанаға алатынын білдіреді. Радар экранында салыстырмалы түрде аз жылдамдықпен ұшатын ірі ұшақ-барлаушы, кішігірім және жылдам жойғыш ұшқыштардан айтарлықтай ерекшеленеді. Дегенмен, ресейлік әскери мәлімдемелерге қарағанда, «сүриялық ЗРК есептеулері ресейлік ұшақты әдейі соққан».
Жағдай қалай өрбиді?
Ресей президенті Владимир Путин: «Осы іске қатыстытиісті шараларды қолға алдық. Ендігі мақсат Израильдің бағыт-бағдарын анықтаймыз», – дейді. ПДПР мүшесі Александр Шерин «Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатында «егер бандит сіздің үйіңізге балаларыңызды және әйеліңізді өлтірсе, онда тергеу амалдары жүргізіледі. Ал бұл жағдайда 15 адамның жазықсыз қаза тапқанын ескерсек, Израиль тарапы жауап бері тиіс», – деген. Ал РФ Қорғаныс министрлігінің Халықаралық әскери ынтымақтастық басқармасының бұрынғы бастығы генерал-полковник Леонид Ивашов Израильмен әскери және әскери-техникалық қатынастарды тоқтатуды, радикалды дипломатиялық қадамдарға баруды және Израиль Мемлекетінің қарсыластарымен ынтымақтасуды ұсынды. Сондай-ақ «Ливан мемлекетінің өзін-өзі қорғау үшін «Хезболланың» ресми құрылымдарына, таза қорғаныс мақсаттарына арналған құралдары мен барынша тасымалданатын зениттік - зымыран кешендеріне тосқауыл қоюға болады», – деді ол.
Басқа әскери және саяси сарапшылардың мәлімдемелерінде айтылған ұсыныстарда Сүриямен байланысты қайта қарап, режимнің сақталуын қатаң бақылау идеясы жиі кездеседі және бұл шешім бірінші кезекте Израиль әскери ұшақтарына қатысты.
Түйін: Ешқандай соғыс болмайды
Таяу Шығыс жөніндегі сарапшы Михаил Магид атап өткендей, Ресей ашық әскери байланыстан кейін де Батыс елдерімен ашық қақтығысқа кіріседі. Ол Сүриядағы ресейлік бомбардирлеушінің тарихын, сондай-ақ 2018 жылдың ақпан айында Евфратқа жақын жерде Дейр-эз-Зор провинциясында ресейлік жалданушылардың белгіленбеген санының қаза болуын да еске салды. Бірінші ретте сауда-экономикалық салада қиындықтар туындауы мүмкін.
Қазіргі уақытта бұл істі Израиль егжей-тегжейлі талқылауға мүдделі, себебі Мәскеумен дипломатиялық қарым-қатынасын үзгісі келмейді. Ал Ресей тарапы әзірше байланысты реттеуге құлықсыз: олар Израиль қалай да жауап беріп, «қатаң жазалануы тиіс» деп санайды. Бірақ, оқиғаны егжей-тегжейлі бағамдайтын болсақ, Ресей Украинадан бөлек басқа мемлекеттермен қандай да бір маңызды конфронтация жүргізуге дайын емес. Оған жан-жақтан тиген «соққылар» мен санкциялардың ықпалы бар.