6 қарашада Америкада аралық сайлау өтпекші. Бірақ, президент Дональд Трамптың есімі сайлаушыларға берілетін бюллетеньдерде болмайды. Демек, алдын-ала сайлау нәтижелері оның президенттік мерзіміне әсер етуі мүмкін.
«The New York Times» тілшілерінің айтуынша, аралық сайлауда америкалықтар 35 сенатор, 36 штат губернаторын, 435 өкілдер палатасының мүшесін және ондаған заң шығарушыларды таңдайды. Егер демократтар сенатқа бақылау жасайтын болса, олар Дональд Трамптың соңғы екі жылдағы билігін айтарлықтай шектей алады.
Сенат үшін сайлауда демократтарға қарағанда, республикалықтар жоғары позицияға ие: олар тек тоғыз компания қожайындарын ауыстыра алады.
Трамп лауазымына қауіп төне ме?
Аралық сайлауды «Президентке сенім» (The confidence of the President and trust the President) туралы референдум ретінде қарастыруға болады. Бұл дегеніміз Ақ үйді бақылайтын партия үшін жағымсыз жаңалық.
Деректерге сүйенсек, Құрама Штаттарында 1934 жылдан бастап аралық сайлау 21 рет өткізілген. Осы жылдар аралығында президенттік партия үш рет өкілдер палатасында және бес рет сенатта өсімге қол жеткізді.
Президенттің мақұлдау рейтингісі – Ақ үй қарамағындағы партиялардың деңгейін анықтау үшін арналған. Дональд Трамп рейтингі соңғы уақытта 40%-дық көрсеткішке жетті. Салыстырмалы түрде, Барак Обаманың рейтингі 2010 жылғы аралық сайлау алдында 45%-ды құраған болатын. Яғни елдегі қарсылықтарға қарамастан, мемлекет тарапынан Трамптың көрсеткіші жоғары бағаланған.
Қазіргі уақытта Америка демократтары өз бәсекелестерінен 10 пайызға озып тұр. Дегенмен, сайлау алдындағы нәтижелер республикашыларға ерекше үміт сыйлайды деп айту қиын. Яғни әр сөзінде «Америка – ұлы мемлекет! Бұл – дәлелдеуді қажет етпейді!», – дейтін президент Дональд Трамптың деңгейіне айтарлықтай нұқсан келмейді.
Демократтар президент «қателігін» өзіне қарсы қолданбақ
АҚШ-та конгресс мүшелерінің орташа жасы – 60. Сол себепті конгрессмендер арасында жас айырмашылығы бойынша артта қалушылық жиі байқалады. Обама биліктен кеткен соң, 30-дан астам республикалықтар өз еркімен отставка кеткен. Жазушы Боб Вудвордтың «Қорқыныш: Ақ үйдегі Трамп» кітабынан соң, биліктегі кейбір демократтар «мемлекеттің артта қалу себептерінің бірі ретінде Трамптың басшылық етуін» атайды. Олардың бірі CNN-ге берген сұхбатында: «Мен тек денсаулық сақтау немесе салық саясатмен ғана емес, Дональд Трамп туралы сұрақтарға жауап беріп, оның билігін аңдумен айналысамын» – деген. Президентке қарсылықтың артуы демократтар үшін жақсы жаңалық болып отыр. Себебі, олар осы мәселені негізгі көзір ретінде пайдаланып, жеңіске жету мүмкіндігінің көп екеніне сенімді.
Трампқа импичмент жариялана ма?
Америкада аралық сайлау аса танымалдылықққа ие емес. Сондай-ақ, оның нәтижесі мемлекет үшін айтарлықтай өзгерістер әкелмейді. Егер президентті қайта сайлауға американдықтардың 60%-ы дауыс берсе, онда аралық сайлауда 40% ғана дауыс беріледі. Мәселен, 2014 жылы аралық сайлаға қатысушылар 35,9% - ды құраған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бастап сайлауалды көрсеткіштердің нәтижесі өте төмен екендігі анықталды. Демек, Ақ үй басшысының рейтингісі мен дәрежесіне «қарсыластардың» бұл әрекеті ықпал етпейді.
Өкілдер палатасында демократия табысқа жеткен жағдайда Трамптың импичменті басталуы мүмкін. Бірақ, бұл щешім республикалық сенаторлар қолдауынсыз еш мағынаға ие болмайды. Себебі, импичмент жариялау үшін барлық сенаторлар 2/3 бөлікте дауыс беруі тиіс.
Осы уақытқа дейін АҚШ-та Эндрю Джонсон және Билл Клинтон импичмент процесіне ұшыраған. Екі президенттің лауазымын шектеу сенаттағы талқылаулардың қорытындысы бойынша ақталған. Ал Америка тарихында «сұсты адам» атанған Ричард Никсон Уотергейт жанжалына байланысты импичмент арқылы отставкаға кеткен болатын.
«Саяси шешім»
Демократтар алдағы айда өткізілетін аралық сайлаудан көп үміт күтіп отыр. Десек те, сайлау нәтижесі Құрама Штаттары үшін жоғары маңызға ие емес. Ақ үй басшысы Дональд Трамп әлемдік мәселелерді шешуге бел буып отырғандықтан, импичментке еш назар аударған жоқ. Демек, Трамптың лауазымына нұқсан келмейді және демократияның 2020 жылғы келесі президенттік сайлауда Трампты жеңу мүмкіндігінің артуы екіталай.