Швейцария билігі Ресейден өз елінде заңсыз барлау операцияларын тоқтатуды талап етті. Жұма күні жергілікті газеттер көктемде Гаагада тыңшылық жасады деген күдікпен екі ресейліктің ұсталғанын мәлімдеді.
Швейцарияның сыртқы саяси ведомствосының құжатында: «Сыртқы істер басқармасы Ресейді Швейцария жеріндегі немесе өзге де нысандарға қатысты барлық заңсыз операцияларды дереу тоқтатуға шақырады», – делінген. Мәлімдемеде атап өткендей, швейцариялық СІМ биыл ресейлік елші тыңшылық операциялар туралы хабарламаларға алаңдаушылық білдіру мақсатында үш рет шақырған.
Швейцариялық «Tages-Anzeiger» газеті және голландтық «NRC Handelsblad» агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, екі ресейлік азамат көктемде Гаагада тыңшылық жасағаны үшін тергеу алынғанын айтты.
Басылымдардың мәліметтері бойынша, ресейліктерде зертхананың компьютерлік желісін бұзуға арналған жабдықтар болған және екеуі де ГРУ қызметкерлері.
Еуропалық БАҚ-тың ақпараты бойынша, Скрипаль ісі бойынша материалдарды зерттеген швейцариялық зертханаға тыңшылық әрекет жасаған ресейліктер бірнеше еуропалық елдердің бірлескен операциясы нәтижесінде ұсталды.
Берндегі Прокуратура екі ресейлік адамға қатысты қылмыстық іс 2017 жылдың наурыз айында жүргізілгенін хабарлайды. Олардың есімдері аталмаған.
Аталған мәселе бойынша, жексенбі күні швейцариялық «Sonntags Zeitung» газеті қауіпсіздік жөніндегі жергілікті агенттіктердің бірінің бағалауы бойынша Швейцариядағы әрбір төртінші ресейлік дипломат елге арнайы тапсырмамен келіп, астыртын әрекеттерді жүзеге асырады. Сол үшіне Ресей алдағы уақытта өз істеріне жауап беруі тиіс. Бірақ, Швейцариядағы Ресей елшілігі бұл айыпты негізсіз деп таныды.
Ұлыбритания және АҚШ-пен арадағы келіспеушілікті реттеуге тырысып баққан Ресей үкіметі енді Швейцария тарапынан айтылған шешімге көз жұмып қарауы екіталай.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді