Жұма, 10 ақпан күні, Иранның ірі қалаларының бірінде көптегены адам шеруге шыққан. Оған себеп: 1979 жылғы революцияның 38 жылдығы. Шеруге шыққандар америкалық әкімшілік тарапынан төніп тұрған қауіп-қатерге байланысты, Ислам республикасын қолдайтындарын  айтқан. Бұл туралы reuters хабарлады.

«Трамптың Америкасы ештеңе істей алмайды. Біз өзіміздің рухани көсеміміз  үшін өмірімізді құрбан етуге дайынбыз», – деген ирандықтардың  сөзін Рейтерс агенттігі жеткізді.

Теһірандағы кейбір  шерушілердің қолында Трамптың, Израиль және Ұлыбританияның  премьер-министрлері Биньямин Нетаньяху мен Тереза Мэйдің портреті болған. Халық «Әзәзіл үштікке өлім» деп айқайлап, көтерілді. Өткен аптада Дональд Трамп Ислам республикасының өткізген 29 қаңтардағы болған оқиғаға байланысты,  тағы да Иранда баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізетіндігін ескертіп және жүздеген заңды тұлғалар мен мекемелерге қарсы санкция енгізген болатын.

Аятолла Хаменей сейсенбі күні ирандықтарды, АҚШ-тың «қоқан-лоққысынан» қорықпайтындықтарын көрсету үшін,  шеруге шығуға шақырды. Дәл осындай сөзбен ирандықтарды президент Хасан Рухани де шақырған болатын. Сондай-ақ, ол  Трамптың иммигранттарға қатысты жарлығына қарсы шыққан америкалықтарға алғысын білдірді.

«The Qazaq Times»