Ақ үй дүйсенбі күні мәлімдеме жасап, Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун (Ким Чен Ын/Kim Jong un) АҚШ үкіметіне хат жолдап, президент Трамппен тағы бір мәрте кездесу туралы өтініш білдірген. Бұл туралы «Уашингтон Пост» хабарлады.
Ақ үй мәлімдемешісі Сара Сандерс баспасөз маслихаты кезінде Ким Жоң Ун жолдаған хаттың қызу ынталы әрі жылы сөздермен жазылғанын айтты. Әрі, бұл хат Корей түбегіндегі ядролық қарусыздану мәселесі туралы келіссөз жүргізіп жатқан Уашинтон мен Пиоңяң арасындағы тоңның жібуі деп бағалады.
Трамп үкіметі соңғы кездегі Солтүстік Кореямен болған келіссөз прогреске баса назар аударды. Айталық, ядролық қарусызданудан тартып, Солтүстік Кореяда қамауға алынған америкалықтарды босату істерінде жаңа нәтижелерді қолға келтіргені шын.
Жексенбі күні Трамп өзінің әлеуметтік желі парақшасында Солтүстік Кореяға қарата жылы лебізге толы сөздерін арнаған еді. Онда Трамп Пиоңяңдағы әскери шеруде баллистикалық зымырандардың болмағанын КХДР билігінің бейбітшілікке деген нақты қадамы деп бағалаған.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы