«Германия Қарулы күштері Башар Асад режиміне қарсы әскери операцияға қатысуы мүмкін», - деп жазады «Бильд» германиялық ірі ақпарат басылымы.
Басылымның мәліметінше, Германияның Қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен АҚШ, Ұлыбритания және Францияның одақтық күштеріне қосылу мүмкіндіктерін қарастыруда. Америкалық тарап Германия үкіметіне осындай өтініш жасаған. Сонымен қатар, неміс әскерлері мұндай қадамға Башар Асад Ибдиб қаласына шабуыл кезінде улаушы заттектерді тағы да қолданған жағдайда баруы мүмкін екендерін ескерткен.
Еске сала кету керек, бұдан бұрын Германия канцлері Ангела Меркель неміс әскерилерінің Асад режиміне қарсы операцияға қатысуына тыйым салған еді. Сонымен қатар, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Асад пен оның одақтастарын Идлиб қаласындағы шабуылдан сақтандырған еді. Ал, Ақ үй басшысы Дональд Трамп егер Идлибте қан төгілсе, АҚШ-тың «ашуға мінетінін» мәлімдеген болатын. Өз кезегінде, Франция Қарулы күштері Бас штабының басшысы Франсуа Лекуантр да егер Шамға (Дамаск) шабуыл кезінде химиялық қару қолданса, Сүриядағы нысандарға соққы жасауға дайын екенін ескерткен еді. Ақпарат көздерінің мәліметінше, қазіргі уақытта Асад режимі Ресей мен Иранның қолдауымен «террористермен күресу» деген желеумен сүриялық көтерілісшілердің соңғы анклавына шабуыл дайындау үстінде.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті