Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі дайындаған еліміздің жоғары оқу орындары мен ҚР Білім және ғылым министрлігіне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстары талқыланды деп хабарлады «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.
Жобаны талқылауға Алматы қаласының 14 ірі мемлекеттік және жеке жоғары оқу орындарының басшылығы қатысты.
«Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев: «Агенттік біздің қоғам өмірінің барлық салаларында, оның ішінде жоғары оқу орындарында, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізіп жатқанын және талдау қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстарды енгізетінін» - атап өтті.
Кеңеске қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы әзірленген ұсынымдардың әрбір тармағын белсенді және нақты талқылап, жалпы ұсынымдар жобасын қолдап, жекелеме ұсыныстар енгізді.
Қорытындылай келе, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменттінің басшысы Данияр Таумұрат барлық ұсыныстар мен ескертпелер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін жоғары оқу орындарының қызметінде ашықтық орнатуға бағытталған ұсыныстарды қабылдау кезінде ескерілетіндігін айтты.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы