Францияның қорғаныс министрі Флоранс Парли Ресейді «ауыр қылмыс жасады» деп айыптады. Reuters агенттігінің мәліметі бойынша, Франция мен Италия армияларының спутнигіндегі қауіпсіздік мақсатында пайдаланатын деректерді Ресей ұрлауға тырысқан.

Ресейлік «Луч-Олимп» радиоэлектроникалық спутнигі Athena-Fidus спутнигіндеі шифрленген мәліметтерге көз тіккен. Жалпы қашықтығы жерден 36 мың километрді құрайтын спутник тек француз-итальян ғана емес, өзге де ғарыш аппараттарына барған. Бұған дейін Америка да Ресейдің астыртын әрекетін әшкерелеп, басқа мемлекеттерге хабар берген болатын.

Деректерге сай, аталған «ұры» аппарат ғарышқа 2017 жылғы қазанда ұшырылған. Осындай типтегі спутниктер орбитада орнын өзгертіп, басқа мемлекеттердің спутниктік ақпарттарын біле алады.

Алдағы уақытта Франция мен Ресейден бөлек, ғарышты зерттеп, космосты игеруде Құрама Штаттары, Қытай да аса бәсекелес ретінде қалыптасады. Сол себепті АҚШ-тың алпауыт ғарыш әскерін құруы батыл қадамға барғандығын білдіреді.

Флоранс Парли Ресейдің арам пиғылын білген бойда, Еуропалық әскерилердің шұғыл шаралар қабылдағанын айтты. Сондай-ақ ол бұл әрекетке «көршілердің тың тыңдауы барып тұрған шпиондық қылмыс» деген баға берді.

Күні кеше Британия билігі Ресейді «Скрипаль ісін» ұйымдастырды деп айып тақты. Ал АҚШ осы уақытқа дейін Мәскеуге қарсы санкцияларды арттырып келеді. Францияның бүгінгі мәліметі де Ресейге ауыр соққы боп тиетіні мәлім.

"The Qazaq Times"