Осы аптада, 3-7 қыркүйек аралығында Италия полициясы 528 адамды қамауға алды. Олардың жартысы босқындар. Сонымен қатар, 2478 қылмыскердің қылмысы әшкереленген. Бұл топтың да 50%-ын босқындар құрайды. Бұл туралы өзінің Твиттер парақшасында Италияның вице-премьері, Ішкі істер министрі Маттео Сальвини жазды, - деп хабарлайды «haberler.com».
«Босқындар санының артуы қылмыстың артқанын білдіреді. Маған тағылған айыптауларға қарамастан, мен үшін елімізге келуші босқындардың санын азайтуымыз үлкен мақтаныш», - деді Сальвини.
Бұдан бұрын Италияның Агридженто қаласы мен Палермо округінің прокуратурасы вице-примерге қатысты айыптау актісін дайындап, оны министрлік трибунасына жіберген еді. Сальвиниге «Diciotti» кемесіндегі азаматтарды заңсыз ұстады деген айып тағылған болатын.
Еске салайық, өткен тамыз айында Италия жағалау күзетінің «Diciotti» кемесі бортына 177 заңсыз босқынды ЕО елдерінің қайсысына жіберілетіні туралы шешім шығарылғанға дейін бортына алған еді. Еуропаның 5 елі оларды қабылдауға дайын екенін хабарлағанмен, кейін бұл уәделерінен айнып қалды.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы