Халқының өмір жасының ұзақтығы жағынан әлемдегі басты елдердің бірі ретінде танылған Жапония зейнетке шығу мерзіміне қатысты реформа жасауы мүмкін. Елдің премьер-министрі Синдзо Абе жапониялықтарға зейнетке 70 жаста шығуды ұсынуда. Есесіне, олардың жалақылары көтерілмек. Бұл туралы Би-би-си агенттігінің француз қызметі хабарлайды.

Дамыған елдердің көпшілігі зейнет мерзімін 65 жасқа дейін ұзартуды көздесе, Жапон билігінің олардан осы мерзімді 70 жасқа деін ұзартумен ерекшеленгісі келеді. Синдзо Абе үкіметті алты жылдан бері басқарып келеді.

Қазіргі таңда ел тұрғындары 60 пен 70 жас аралығында, кез келген уақытта шығуға құқылы. Алайда, оларға көбінесе 65 жастан соң шығу пайдалырақ. Ал, жұмысшылары өмірлерінің соңына дейін жұмыс істейтін ірі корпорацияларда олардың зейнеттік демалысқа негізінен 60 жастан кейін кетулерін күтеді.

Енді, зейнет жасын 70 етіп нақты бекітуді көздеген үкімет бұны 2020 жылға дейін жүзеге асыруды көздейді. Қазіргі укақытта дамыған елдердің көпшілігі осы мәселемен бетпе-бет келіп, зейнет жасын ақырындап 65 жастан 70 жасқа дейін ұзартуда. Дегенмен, дамыған елдерде қартаю процесі жеделдегенмен, халық санының азаюы байқалуда. Мәселен, Жапонияда соңғы онжылдықта ел тұрғындары 1,3 милн-ға азайған.

“The Qazaq Times”