АҚШ Дубайдан Нью-Йоркке "Emirates Airlines" әуекомпаниясының ұшағымен қайтқан жолаушылардың жаппай ауырып қалу себебін анықтауға тырысуда. Бұл туралы liberation.fr хабарлайды.
Сәрсенбі, 5-қыркүйек күні Американың Джон Кеннеди атындағы әуежайына қонған ұшақ бортындағы жолаушыларымен қоса бірден карантинге алынған. Ұшу кезінде бір мезетте жүзден аса адам өздерін қолайсыз сезініп, көбісінің дене қызуы көтеріліп, басым көпшілігінде қатты жөтел басталған. Ұшақ экипажы төтенше жағдай туралы АҚШ-тың тиісті органдарына хабарлаған. Джон Кеннеди атындағы әуежайдың жолаушыларды тексеруге арналған аймағында әуе лайнерін полиция мен денсаулық сақтау қызметкерлері күтіп алған. Дәрігерлердің айтуынша, жолаушылар арасында жөтел, бас ауруы, тамақ ауруы және дене қызуы сынды аурулар тіркелген. «Біз сонда да тест қорытындылары қолымызға тимей тұрып, бұл аурудың нақты себебін айта алмаймыз», - деген Нью-Йорктегі Денсаулық сақтау Басқармасы басшысының орынбасары Оксирис Барбот. Қазіргі таңда жұмбақ аурудың себебі жан-жақты тексерілуде.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы