«Бүгін таңертең 1980 жылдардағы ең танымал террористердің бірі, Ауғанстан соғысының командирі Джаллалуддин Хаккани қкөз жұмды», - деп ауғанстандық тәлібтердің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап «Agence France-Presse» хабарлайды.

Аталған агенттіктің хабарлауынша, Хаккани ұзақ уақытқа созылған науқасынан көз жұмған. Ол АҚШ пен Пакистаннан көмек алып, Кеңес Одағына қарсы күресіп, Ауған соғысындағы лидерлердің бірі болған. Ал, 2001 жылы «Хаккани желісінің» басшысы өзінің бұрынғы одақтастары НАТО мен США-ға қарсы кұрес аша бастаған.

«Sputnik» басылымының мәліметінше, Ауған соғысы кезінде ол Орталық Барлау басқармасының назарын аударған. Ауғанстандағы соғыстан кейін Хаккани өзінің атымен жиһадшылармен, тіпті «Әл-Каиданың» лидері Усама Бен Ладенмен тығыз қарым-қатынасы бар террорлық топ құрып, басқарады. Кейін Джалалуддин ұйым басшылығын баласы Сираджуддин Хакканиге табыстайды. Ал ол, қазіргі ауған тәлібтері басшысының көмекшісі.

«Хаккани желісі» туралы не білеміз? Аталған топ 2012 жылы америкалық әскер мен ауған үкіметінің нысандарына жасаған шабуылына байланысты террорлық топ болып жарияланған. Ал, мамандар осы топты негізінен «Талибан» қозғалысы мен «Әл-Каида» ұймымен тығыз байланысы бар деген пікірде. Көптеген ақпарат көздері ұйым жетекшісінің қаза табуын ұйымның ендігі әлсіреуімен байланыстырып, Ауғанстандағы жағдайдың тұрақталуына негіз болуы мүмкін деп есептейді.

“The Qazaq Times”