Мамыр айында өткен жалпыхалықтық сайлаудан кейін, кеше ғана Ирак Парламенті алғашқы отырысын өткізді. Алайда, отырыста Парламент құрамы туралы пікір бірлігіне келісі алмағандықтан, Парламент төрағасы сайланбай қалды. Соның нәтижесінде, үкіметті жасақтауға тиісті Парламенттің ең үлкен коалициясы да құрылмады. Саяси топтардың келіспеушілігіне байланысты Парламент отырысы бүгінге шегерілген.
Ирак Конституциясына сәйкес ел президенті араб сүнниттерінен сайланатын болса, премьер-министр шит немесе күрдтерден сайлануы тиіс. Алайда, Ирак Парламентінің төрағасы, президенттік, премьер-министрлікке үміткерлерді бекітуде елдегі сүннит, шит, күрд және түркімен саяси топтары арасында келіспеушілік болды.
Ирактағы түркімендердің саяси тобы «Түркімен Майданының» төрағасы Эршет Салихи Парламенттегі түркімендердің 9 адамнан тұратын мүшелік тобын құрғандарын мәлімдеді. Ол және Ирак түркімендерінің билікте ықпалды орынының болуын талап етті.