2011 жылы диктатор Муаммар Каддафиге қарсы өткен азамат соғысынан кейін Ливиядағы жағдай нашарлап кеткен болатын. Сол уақыттан бері халық наразылығы артып, қарулы қақтығыстар толастаған жоқ. Осы жылы Ливия астанасы Триполи қаласындағы қақтығыс салдарынан 40-қа жуық адам жарақат алған.
Триполидің оңтүстік және батыс аудандары әлі күнге дейін бір-біріне шабуыл ұйымдастырып келеді. Екі тарап біржақты бітім жасауға келіссе де, іс ойдағыдай нәтиже берген жоқ.
Қазіргі уақытта Триполи халқы бірнеше анклавқа бөлінген. Оларды әртүрлі топтар бақылауға алған. Жан-жаққа шашылған халық пен елдегі бейберекетсіздіктің кесірінен Ливия босқындардың теңіз арқылы Еуропаға баратын негізгі транзиттік пунктіне айналды.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел