Иран Ислам республикасы мен Иран екі ел арасындағы сауда-саттықта америкалық доллармен есептесуден бас тарту туралы келісімшартқа қол қойды деп хабарлайды www.lci.fr.
АҚШ «Ортақ қадам жан-жақты бағдарламасы» деп те аталатын 2015 жылы жасалған Иранның ядролық бағдарламасынан шығып, Иранға қарсы санкцияларын қатаңдатқан сәттен бастап Иранның негізгі серіктестерімен арадағы екіжақты сауда-саттығы көп қиындыққа ұшыраған. Әсіресе, бұл Иракпен арадағы сауданы едәуір деңгейге шайқалтып тастаған. «Мехр» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Иран-Ирак сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Йахия Але-Эшак тараптардың екіжақты саудада АҚШ долларынан бас тартып, екі елдің ұлттық валюталары мен еуроны пайдалануға келіскендіктерін растаған. Бұл қадамға АҚШ-тың Ислам республикасына қатысты қатаң саясаты, яғни санкцияларды қатаңдатуы себеп болған. Йахия Але-Эшак Ирактың Иранның үш ірі сауда серіктестерінің бірі болып табылатынын, ал Иранның Ирактың екінші сауда серіктесі екенін айтып, сол себептен де АҚШ тарапынан қабылданған шешімдердің осы елдердің сауда салалары үшін өте үлкен соққы болғанын, сондықтан да олардың Америка долларынан бас тарту сияқты қадамдарға барудан басқа таңдаулары қалмағанын да атап өткен.
Иран-Ирак сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы өзге елдер де Ираннан сабақ алады әрі үшінші елдің өздерінің сауда саясатына араласуына жол бермейді деп есептейтінін де атап өтті.