Оңтүстік Корея президент сарайының хатшысы бүгін таңертең ресми мәлімдеме арқылы АҚШ пен Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздандыру жөніндегі келіссөзді қайта бастауға шақырды. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.
Бұған қоса мәлімдемеде, Оңтүстік Корея президентінің Солтүстік Корея мәселесі бойынша арнайы өкілі сәрсенбі күні Пиоңяңға (Пхеньян) сапарлай барып, Оңтүстік-Солтүстік Корея басшыларының осы айда өтетін үшінші реткі саммиті туралы кеңесетіні айтылды.
Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайн (Moon Jae-in) өзінің арнайы өкілінің Пиоңяң сапары АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпеоның сапарына жол ашады және екі ел арасындағы келіссөз кедергілерін жеңілдетеді деп үміттенетінін жеткізген.
Бүгінгі мәлімдемеде: «Дипломатияның қазіргідей алмағайып жағдайында, Құрама Штаттың стратегиялық төзімділік танытуы мен мақұлдауы болмаса Корей түбегіндегі тарихи өзгерістерді қолға келтіру мүмкін емес», – делінген.
Естеріңізде болса, өткен аптада АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпеоның Солтүстік Корея сапары Трамптың мәлімдемесінен кейін күшінен қалдырылды. Президент Трамп кейін Твиттер парақшасындағы мәлімдемесінде, Солтүстік Кореяның АҚШ-пен келіссөз жүргізу кезінде Қытай жағынан қатты қысым көргенін, оған қоса Бейжің билігі Солтүстік Корея астыртын көмек те көрсеткенін айтты. Ол және сөзінде «Қытай көмегінің қалыптасқан жағдайға көмегі жоқ» деген болатын.
Бұған Бейжің тарабы да қарсы мәлімдеме жасап, Трамптың айыптауларын терістеді. Әрі, екі ел арасындағы келіспеушілікке кінәсіз екендіктерін айтып ақталып, Трампқа келіспеушілік үшін басқаларды кінәламауға шақырған болатын.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді