Америка ақпарат құралдарының хабарлауынша, Бостондағы жарылысқа байланысты алты жылға сотталған Қазақстан азаматы Диас Қадырбаев мерзімінен бұрын босатылды. Істі өз қарамағына алған Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қадырбаевтың елге депортацияланатынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы 15 сәуірде Бостон марафонында болған жойқын жарылыс салдарынан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланған болатын. Зерттеу нәтижесі бойынша жарылыстарды жасады деп айыпталған Джохар Царнаев өлім жазасына кесіліп, екі қазақстандық студент қамауға алынған. Олардың бірі Азамат Тәжаяқов 3 жыл, алты айға сотталған.
Тәжаяқов 2016 жылы түрмеде жазасын өтеп, Қазақстанға келді. Енді екінші қазақстандық Диас Қадырбаев депортацияланады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті