Түркияның Сыртқы Істер министрі Мевлют Чавушоглу Түркия билігінің Еуроодақ құрамына кіру үшін қолға алынған реформаларды жеделдетенін хабарлады. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлайды.
«Біз саяси реформаларды жеделдетуге келістік. Алдағы мерзімде біз сот жүйесі, заңдар, негізгі құқықтар, бостандық пен қауіпсіздік сияқты мәселелерді қолға алатын боламыз», - деген министр Анкарадағы «Реформа жөніндегі әрекеттерге бағытталған топ» отырысында.
Еске салайық, Түркия Еуроодақ құрамына кіру туралы келіссөздерді 2005 жылдан бері жүргізіп келеді. Түркияның саяси жүйесі мен заңы «Еуроинтреграция» үшін едеуір деңгейде өзгертілсе де, әзірге Түркияның Еуроодаққа мүше болуы мүмкін болмай тұр.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды