«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы ғалым Ерлан Тынымбайұлы Қарин тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев таныстырды.

Ол туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook желісіндегі парақшасында: "Ерлан Тынымбайұлы біл­ікті саясаттанушы, ид­еолог, еліміздің шына­йы патриоты ретінде к­өпшілікке жақсы таныс­ екеніне еш күмәнім ж­оқ. Ендігі жерде оған елі­міздегі ең ірі медиа ­құрылымның жұмысын од­ан әрі дамыту тапсыры­лып отыр. Ерлан Тынымбайұлы бұғ­ан дейінгі іргелі шар­аларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны ­жаңа деңгейге көтеред­і деп сенемін", – деген пікірін жазды.

Ерлан Тынымбайұлы Қаринның осыған дейін де Қазақстан ақпарат әлемінде сүбелі еңбектер етіп келген болаты. Жаңа міндетке тағайындалғаннан кейін де, еліміздің ақпараттық саласының дамуына тың тебін беруіне тілектестік білдіреміз!

“The Qazaq Times”